Елордада әйелдер күресінен ұлттық құрама мүшелері жаттығу жиынын өткізуде
15 тамыз, 2024
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Елордада әйелдер күресінен ұлттық құрама мүшелері жаттығу жиынын өткізуде](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172114588235648588.webp)
ашық дереккөз
Қазақстан чемпионатынан кейін ұйымдастырылған алғашқы оқу-жаттығу жиынына ұлттық құрама мүшелерімен қатар, ел біріншілігінде көзге түскен жаңа есімдер де шақырылған. Бұл туралы әйелдер құрамасының бас бапкері Нұрлан Аманқосов айтып берді. "Қазіргі таңда Нұр-Сұлтан қаласында әйелдер күрес академиясында жаттығу жиынына кірістік. Құраманың бірінші, екінші нөмерлі спортшыларынан басқа, Қазақстан чемпионатында көзге түскен жас балуан қыздарды да жиынға шақырдық. Қазір жалпы физикалық дайындықтарын шыңдап жатыр. Ал соңғы, жылдың қорытынды оқу-жаттығу жиынымыз Алматы қаласында өтеді деп жоспарлап отырмыз. Қазіргі күнтізбеге сәйкес 13-30 желтоқсан аралығында өтуі тиіс", - дейді бас бапкер.
Ұқсас жаңалықтар