Еліміздің 10 өңірінде балаларды оңалту орталықтарын ашу жоспарлануда - Цой
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Еліміздің 10 өңірінде балаларды оңалту орталықтарын ашу жоспарлануда - Цой](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/17211458868245553.webp)
Мүмкіндігі шектеулі адамдар басқалармен теңдей профилактикалық, диагностикалық және емдік медициналық қызметтерді, дәрі-дәрмектерді қамтитын ТМККК-мен қамтамасыз етілген. 2020 жылы қалпына келтіру емі мен медициналық оңалтуды 567 жеткізуші көрсетеді, бұл 2019 жылмен салыстырғанда 8,9 есе көп. 2020 жылы жеткізушілермен 638 мың қызмет көрсетуге шарттар жасалды, бұл 2019 жылмен салыстырғанда 15 есе көп. 2020 жылы медициналық оңалтуды қажет ететін адамдар 60%-ға қамтамасыз етілді. Өткен жылмен салыстырғанда бұл 7%-ға артық. 2021 жылы қажетті қызметтермен қамтамасыз ету санын 75%-ға дейін арттыру жоспарлануда, ал 2025 жылға қарай барлық мұқтаж азаматтарды оңалтумен толық қамтамасыз етуді жүзеге асыру жоспарлануда. 2020 жылдың 10 айында амбулаториялық-емханалық көмек шеңберінде жалпы сомасы 11 млрд теңгеден астам 6,4 млн қызмет, стационарлық медициналық көмек шеңберінде — 90 млрд теңгеден астам сомаға 384 мың қызмет көрсетілді. "Амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету аясында мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға 5,1 млрд теңгеге 21 737 рецепт берілді, оның ішінде балалар үшін – 2,2 млрд теңгеге 6 859 рецепт, ересектер үшін — 2,8 млрд теңгеге 14 878 рецепт", - деп атап өтті А.Цой. Балалардың мүгедектігінің алдын алу үшін неонаталдық хирургияны, балалар кардиохирургиялық қызметін, онкогематологияны дамыту шаралары іске асырылуда. Есту қабілетін қалпына келтіру бойынша операциялар жасалады. Қант диабетінің асқынуын болдырмау үшін 2008 жылдан бастап жаңадан анықталған науқастар инсулин помпаларымен тегін қамтамасыз етіледі. Денсаулық сақтауды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде мүгедектерге медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасын арттыру шаралары көзделген. "Мемлекеттік жеке меншік әріптестік тетіктерін тарта отырып, еліміздің 10 өңірінде балаларды оңалту орталықтарын ашу жоспарлануда. Бұл Алматы, Ақтөбе, Атырау, ШҚО, БҚО, Қостанай, Маңғыстау, СҚО, Түркістан және Нұр-Сұлтан қалаларында", — деді министр. Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Қорының балаларға арналған Оңалту орталықтары желісін кеңейтудегі белсенді рөлін атап өту қажет. Осы жылдың соңына дейін мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған 8 балалар орталығы іске қосылады. 18 оңалту орталығының ашылуы 45 мыңнан астам баланы медициналық оңалтумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. "Осылайша, министрлік мүгедек адамдарға медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасын арттыру бойынша кешенді шаралар қабылдауда", — деп атап өтті А.Цой.