«Абу-Даби Плазаның» ең биік мұнарасын «Қазақстан мұнарасы» деп атаймын – Н.Назарбаев
Елбасы телеарнаға берген сұхбатында Түркістан қаласын облыс орталығы етіп бекіту шешімінің маңызы мен қаланың келешек жоспарлары жайында жан-жақты баяндады. Сонымен қатар Түркістан болашақта ел астанасы болуы мүмкін бе деген көпшілік арасында тараған қауесетке қатысты пікірін білдірді. «Түркістанды көтеру – парызымыз, біздің халқымыз үшін қажет. Бұл тарихы тереңде жатқан көне қаламыздың бірі. Түркістандағы көне ғимараттардың қалпын сақтап, жергілікті халық пен туристер үшін тарихымызды паш ететін орталық ретінде қалдыруымыз қажет», - деді Елбасы. «Түркістан: көне мен келешек көпірі» деректі фильмі Н.Назарбаевтың «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясының Басқарма төрайымы, журналист Ләззат Танысбайға берген сұхбаты негізінде әзірленді. Деректі туынды «Qazaqstan» телернасынан бүгін 20:00-де эфирге шығады. https://www.youtube.com/watch?v=z87PD4ajYXY&feature=youtu.be