Жұмыс істейтін жастарға берілетін баспанаға онлайн өтініш қалай жолданады
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Жұмыс істейтін жастарға берілетін баспанаға онлайн өтініш қалай жолданады](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/17211458534448308.webp)
Сөзін жалғай отырып, қандай да бір сауалдар туындап жатса 109 нөміріне хабарласып білуге болатынын айтып өтті. Сол сияқты өтініштің қабылданған, қабылданбағаны, түзету қажеттілігі немесе қарастырудан бас тартылғаны туралы SMS-хабарлама жіберілетіні белгілі болды. «Негізгі бас тартудың себебі өтініш берушінің атында мүлкі болса немесе мекенжай анықтамасы болмаса, жасы келмеген жағдайда болып жатады. Ал түзету туралы хабарлама келсе, құжаттар жеткіліксіз болса орнын толтыруға бір күн уақыт беріледі», - дейді Арманай Мирасқызы. Сөз арасында 350 пәтерді іріктеу қандай жолмен жүргізілетінін қозғап өтті. «Іріктеу балдық жүйе бойынша жүргізіледі. Өтініш берушінің отбасы, балалары, жеке кәсібі болса, мемлекеттік қызметте жұмыс істейтін болса, қандай да бір жетістіктері болса балдар қосылып отырады», - дейді Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Тұрғын үй қорының баспасөз хатшысы. Өз сөзінде берілетін баспаналардың мекенжайларын айтып өтті. «Бұл пәтерлер Қордай-Қошқарбаев, Абылай хан-Момышұлы даңғылдарының қиылысында орналасқан. Пәтерлердің жалпы ауданы 31-47 шаршы метр аралығында. Бәрі – 1 бөлмелі пәтер. Іріктеу отбасы мүшелерінің санына орай жүргізіледі.