«Шаңырақ» шығармашылық байқауының жеңімпаздары марапатталды

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
«Шаңырақ» шығармашылық байқауының жеңімпаздары марапатталды
ашық дереккөз

БАҚ өкілдерін 1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күні мерекесімен құттықтай отырып, ҚХА Төрағасының орынбасары Жансейіт Түймебаев мемлекет саясатын ақпараттық тұрғыдан қолдауға, қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайтуға, Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметін насихаттауға үлес қосып жүрген журналистерге алғысын білдірді. «Қазақстан халқы Ассамблеясы жыл сайын мемлекет саясатын ақпараттық тұрғыдан қолдауға, қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайтуға белсенді үлес қосып жүрген журналистерді қолдау мақсатында «Шаңырақ» республикалық байқауын өткізуді дәстүрге айналдырған. Биыл күллі әлем жұртшылығын бір тарының қауызына сыйғызған қатерлі пандемия Қазақстан халқын айналып өткен жоқ. Қиын күндерге қарамастан республика жұртшылығы биыл қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының 175 жылдығы, ұлы ғалым Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдығы, сондай-ақ Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығы сияқты маңызды шараларды түрлі форматта атап өтті. Осындай ұлық мерекелердің ел арасында кең көлемде насихатталуына сіздер зор үлес қосып, айрықша қолдау білдірдіңіздер. Мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру мен мемлекет саясатын халыққа түсіндіру мәселесінде де қолына қалам ұстаған ағайынның атқаратын рөлі айрықша. Қазақстан халқы Ассамблеясының республикалық «Шаңырақ» байқауының жеңімпаздарын шын жүректен құттықтаймын!», - деді Ж.Түймебаев. Іс-шараға этномәдени бірлестік өкілдері, Ассамблея мүшелері және республикалық БАҚ бас редакторлары қатысты.