Назарбаев Зияткерлік мектептерінде домбырашылар марафоны бастау алады

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Назарбаев Зияткерлік мектептерінде домбырашылар марафоны бастау алады
ашық дереккөз

Тұңғыш Президент күніне орай Нұр-Сұлтан қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде UNICEF және балалардың құқығын қорғау тақырыбында kahoot ойыны, «Елбасы өмірбаяны және жасампаз идеялары» конференциясы, «Ұлт көшбасшысы» кураторлық сағаты, «Елбасы өмір жолы» тақырыбында интеллектуалдық ойындар өткізілді. Мектептің жас домбырашылары «Күй орындау» челленджін бастап, оны Атырау қаласындағы химия-биология бағытындағы Зияткерлік мектепке жолдады. Сонымен қатар, мереке аясында «Көшбасшылық туралы ойлар» бейнеролигін түсіру, «Замандастар жырлайды» жобасы бойынша «Жас ақындар» клубының өлең шығару флешмобы, «Дара жол» викторинасы және «Елбасы жолы – дара жол» атты кураторлық сағаттар өткізу жоспарланған. Барлық Зияткерлік мектептерде «Бүгінгі шаңырақ көшбасшылары – болашақ ел көшбасшылары» көшбасшылар форумы мен «Әлем таныған Елбасы» TEDx конференциялары, «Қазақстандық жол. Н.Назарбаев» виртуалды экскурсиялар мен «Ел тірегі – Елбасы» кітап көрмелері, «Елбасының қолтаңбасы» эссе және «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы» сурет байқаулары, қайырымдылық акциялары, спорттық эстафеталар мен тимбилдингтер, «Елімнің бағы – Елбасы» атты концерттер мен өзге де шаралар өтетін болады. Мереке күндерінде барлық Назарбаев Зияткерлік мектептерінде қашықтан ұйымдастырылған «Туған елге тағзым» тарихи-өлкетанулық зерттеу экспедициясы өз мәресіне жетеді. Әрбір өңірде балалар төрт бағдардан өтті: тарихи мұра («Ұлы Дала өркениеті»); табиғи қорық («Туған өлкем – жұмақ мекен!»); мәдени мұра («Ұлт руханияты – бабалар аманаты»); инновациялық даму («Өндірістік инновация кепілі – зияткерлік әлеует»).