Дмитрий Баландин Қазақстан чемпионатында үш алтын медаль жеңіп алды
15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат
ашық дереккөз
50 метр қашықтықта брасс әдісімен жүзу бойынша Дмитрий Баландин көш бастады. Аталған қашықтықты ол 27,19 уақытта бағындырды. 29,01 нәтижесімен Айбек Қамзенов екінші орыннан көрінсе, 29,63 көрсеткішімен Нұрдәулет Жұмағали үздік үштікті қорытындылады. Айта кетерлігі, Дмитрий Баландин осыған дейін Қазақстан чемпионатында 100 және 200 м қашықтық бойынша бірінші болған.
Ұқсас жаңалықтар