Грек-рим стиліндегі армия балуандары Қазақстан чемпионатында жоғары нәтижелер көрсетті
15 тамыз, 2024
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Грек-рим стиліндегі армия балуандары Қазақстан чемпионатында жоғары нәтижелер көрсетті](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172114590410564538.webp)
ашық дереккөз
Он салмақ дәрежесіндегі командалар құрамына әскер балуандарымен қатар Азия мен Қазақстанның танымал спортшылары, халықаралық турнирлердің жеңімпаздары мен жүлдегерлері қатысты.
Турнир қорытындысы бойынша спорт ротасының мерзімді қызметтегі әскери қызметші Айдос Сұлтанғали (60 кг), нұсқаушы спортшылар Сұлтан Әсетұлы (63 кг) және Демеу Жадраев (77 кг) чемпион атанды.
Күміс медальді лейтенант Асхат Ділмұхамедов (77 кг) жеңіп алды. Қола жүлде Данияр Қаленов (67 кг) пен Мақсат Ережеповке (82 кг) бұйырды.
Ұқсас жаңалықтар