Қазақстанда вакцина өндіретін зауыт салына ма – министр жауабы

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Қазақстанда вакцина өндіретін зауыт салына ма – министр жауабы
ашық дереккөз

Брифинг барысында тілшілер тарапынан: «Қазақстанда вакцина өндіретін зауыттар салына ма, олардың құрылысына қанша қаржы жұмсалады, қанша зауыт салынады?» деген сұрақ қойылды. «Әзірге ресейлік зауыттың өнімдерін серіктес ретінде Қазақстанда өндіру жөніндегі келіссөздер жүргізіліп жатыр. Алайда әзірге нақты бизнес жоспарлар ұсынылған жоқ. Ал екінші зауыт Жамбыл облысында салынуы мүмкін. Бірақ оның да әзірге жобасы жасалу үстінде. Оның құрылысына қанша қаржының жұмсалатыны да әзірге белгісіз. Ол жоба бекітілгеннен кейін нақты белгілі болады. Жалпы, алдын ала жоспар бойынша Жамбыл облысында салынатын зауыт келесі жылы іске қосылуы мүмкін», - деді Цой.