Елімізде желтоқсан-қаңтар айларында қатаң карантиндік шектеулер енгізілуі мүмкін бе
15 тамыз, 2024
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Елімізде желтоқсан-қаңтар айларында қатаң карантиндік шектеулер енгізілуі мүмкін бе](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172114587228019632.webp)
ашық дереккөз
«Бізде апта сайын талдау жұмыстарының нәтижесі жарияланып отырады. Осыған орай алдағы жағдайларға болжам жасалады. Қазіргі уақытта елімізде карантиндік шектеу шараларын желтоқсан, қаңтар айларына енгізу мәселесі жағдайды қаншалықты тұрақты ұстай алатынымызға байланысты болмақ. Қазақстанда COVID-19 инфекциясы бойынша алдыңғы қатарда мына өңірлер тұр: Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қостанай және Ақмола облыстары. Қазір аталған өңірлерде жұқтыру көрсеткіші төмендеп келеді. Мысалға ШҚО-да жағдай тұрақталып, жұқтыру фактілері азайып жатыр», - деді министр.
Министр сөзін жалғай отырып, босаңсуға болмайтынын жеткізді. Айтуынша қазір ауруханалар 22 пайызға, ал жансақтау бөлімшелері 17 пайызға толып тұр. «Жағдай қазір бақылауда. Әзірге карантиндік шаралар енгізілуі мүмкін деп алаңдауға негіз жоқ», - деді Алексей Цой.
Ұқсас жаңалықтар