Қазақстан мемлекетаралық су шаруашылығын үйлестіру отырысына қатысты
15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат
ашық дереккөз
МҮСК отырысында Әмудария және Сырдария өзендерін бассейндеріндегі 2020 жылғы вегетациялық кезеңнің қорытындысы шығарылды. Сондай-ақ 2020-2021 жж. вегетациялық кезеңге арналған су қоймаларының жұмыс режимінің болжамды кестелері қаралып , бекітілді. Сонымен қатар, тараптар 2018 жылы Түркменбашы қаласындағы Халықаралық Аралды құтқару қорының саммитінде Мемлекет басшылары көтерген бастамалардың орындалу барысын талқылады. Саммиттегі Мемлекет басшыларының бастамаларын орындау жөніндегі жұмысты жалғастыруға келісті. Отырыс қорытындысы бойынша қатысушылар аймақтағы су шаруашылығы мәселелерін шешуде МҮСК алаңы аясындағы ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өтті.
Ұқсас жаңалықтар