«Қазақстан мұғалімі 2020» ұлттық сыйлығының жеңімпазы анықталды
Алматы қаласында өткен салтанатты марапаттау рәсімінде «Қазақстан мұғалімі 2019» иегері Гул Муаммер жеңімпазға Ұлттық сыйлық пен Әлия Нұрсұлтанқызы тағайындаған 4 миллион теңге көлеміндегі қаржылай жүлдені табыстады. Сонымен қатар, сыйлық иегері Динара Бейсембаеваға Қазақстан Республикасының аумағындағы Жаһандық сыйлықтың Амбассадоры құрметті атағы берілді. Динара Бейсембаеваның түлектері білімнің жоғары сапасын көрсетіп жүр. 2015, 2017, 2018 оқу жылдарында Халықаралық бакалавриаттың дипломдық бағдарламасындағы оқушылардағы сыртқы емтихандардың көрсеткіштері әлемдегіден жоғары болды, бұл олардың әлемнің жетекші оқу орындарына түсуіне ықпал етті. Айта кететін жайт, Назарбаев Зияткерлік мектептеріне құжат қабылдау 2 желтоқсан мен 23 қаңтар аралығында өтеді. Толық ақпарат www.nis.edu.kz, www.nisa.edu.kz сайттарында. Сонымен қатар, Динара Тоқтарқанқызы «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының мұғалімдері арасындағы «Жыл мұғалімі - 2020» желілік байқауының гран-при иегері. «Қазақстан мұғалімі» ұлттық сыйлығы оқушылардың білім алуында іс-әрекеттік ыңғай идеяларын тәжірибе жүзінде іске асырып жүрген, шығармашылықпен еңбектенетін дарынды педагогтарды анықтау мақсатында Қоғамдық маңызы бар бастамаларды дамыту қорымен өткізіледі.