Атбасар қаласында болған өрттен 3 адам құтқарылды
15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат
ашық дереккөз
«Сағат 8:25-те өрт туралы хабарлама келіп түсті. Келген бойда үйге жапсарлас салынған гараж және тұрғын үй конструкциялары жанып жатқаны анықталды. Үйден шығу жолдары отпен жабылды. Бұл үйде қызы мен немересі бар ана болды. Өрт сөндірушілер жедел әрекет етіп, үйге кірді. Оттегі бетперделерін пайдаланып, үй иелерін құтқарды. 20 минут ішінде өрт толығымен сөндірілді», - деді Атбасар ауданының ТЖ бөлімінің бастығы Ерболат Ашкенов.
[caption id="attachment_50003" align="alignnone" width="696"] Фото ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен[/caption] Төтенше жағдайдың алдын ала себебі - электр сымдарының қысқа тұйықталуы. Өртті сөндіруге ТЖ департаментінің күштері мен құралдары жұмылдырылды.
Ұқсас жаңалықтар