90 мыңнан астам адам «Open Akimat» алаңының қызметтерін пайдаланды

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
90 мыңнан астам адам «Open Akimat» алаңының қызметтерін пайдаланды
ашық дереккөз

Жұмыс "бір терезе" қағидаты бойынша жүзеге асырылады. Жаңа стандарттарға көшкен сәттен бастап аудандық әкімдіктерге 91 мыңнан астам азамат жүгінді. "Сарыарқа" ауданында 45 мыңнан астам адам, "Алматы" ауданында - 21 мың, "Есіл" ауданында - 18 мың, "Байқоңыр" ауданында - 7 мың тұрғын өздеріне қажетті барлық қызметтерді кедергісіз ала алды. "Open Akimat" алаңында азаматтарға бірқатар мемлекеттік қызметтер көрсетіледі, сондай-ақ ЭЦҚ рәсімдеу, неке қиюға өтініш беруден бастап мемлекеттік бағдарламалар бойынша тұрғын үй алуға дейінгі кең ауқымды мәселелер бойынша кеңестер беріледі. Көрсетілетін қызметтер спектрі: - азаматтық хал актілерін тіркеу; - атаулы әлеуметтік көмек алуға құжаттарды қабылдау; - біржолғы көмек алу; - ЭЦҚ алу; - тұрғын үй бағдарламалары бойынша кеңес беру; - тұрғын үй жинақ шоттарын ашу; - спорттық разрядтарды алу; - көлік құралдарына салық төлеу және басқа да міндетті төлемдер; - жұмысқа орналастыру және т.б. Өтініштердің мониторингі көрсеткендей, аталмыш қызметтердің шамамен 48%-ы азаматтық хал актілерін тіркеуге, 15%-ы атаулы әлеуметтік көмек алуға, 30%-ы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелеріне тиесілі. Сонымен қатар, әкімдіктердің фронт - офистерінде тұрғындар сайлауда дауыс беру үшін сайлаушылар тізімінде және өздерінің сайлау учаскесінде бар-жоғын біле алады. Әкімдіктердің фронт-офистері келесі мекенжайлар бойынша орналасқан: - "Сарыарқа" ауданының әкімдігі мекенжайы: Сарыарқа даңғылы, 13. - "Есіл" ауданының әкімдігі мекенжайы: Қабанбай батыр даңғылы, 33. - "Алматы" ауданының әкімдігі, Тәуелсіздік даңғылы, 7. - "Байқоңыр" ауданының әкімдігі мекенжайы: Отырар көшесі, 5. Жұмыс уақыты: жұмыс күндері сағат 8.30-дан 18.00-ге дейін.