Биыл 132 мың қазақстандық жекеменшік емханаға тіркелді – ӘМСҚ
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Биыл 132 мың қазақстандық жекеменшік емханаға тіркелді – ӘМСҚ](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172114595822449806.webp)
⠀ Медициналық ұйымды еркін таңдаған 150 мыңнан астам адамның 76 мыңы емханаға алғаш рет тіркелген. ⠀ 132 мыңнан астам қазақстандық жекеменшік МСАК ұйымын, қалған 20 мың азамат мемлекеттік емхананы таңдаған. ⠀ «Тіркеу науқанының қорытындысы бойынша және халықтың таңдауына қарап, медициналық ұйымдарға келесі жылға бөлінетін қаржы көлемі анықталады. Сондықтан емхана ауыстырғандар тек 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап ТМККК және МӘМС бойынша көмек алады. Оған дейін азаматтарға бұрынғы медициналық ұйымда қызмет көрсетіледі», – деп түсіндірді Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорындағылар. ⠀ Ал елімізде 169 мың адам ешбір емханаға мүлдем тіркелмеген. Тіркеу науқанына жалпы 521 МСАК объектісі: 296 мемлекеттік ұйым және 225 жекеменшік клиника қатысты. Олардың барлығы денсаулық сақтау субъектілерінің деректер базасында тіркелген. ⠀ Естеріңізге сала кетейік, тек тіркеу науқанында ғана емес, егер тұрақты немесе уақытша тұратын жеріңізді, жұмыс, оқу орнын ауыстырсаңыз, басқа елді мекенге көшсеңіз немесе тіркелген емхана қайта құрылып не жұмысын тоқтатса, сіз емхана ауыстыруға құқылысыз.