Азаматтық қоғамның дамуындағы үкіметтік емес ұйымдардың қызметі қашанда өзекті тақырып — вице-министр
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Азаматтық қоғамның дамуындағы үкіметтік емес ұйымдардың қызметі қашанда өзекті тақырып — вице-министр](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172114603123505235.webp)
Сөз арасында Азаматтық қоғамды дамыту тұжырымдамасының мақсатын тілге тиек етіп өтті. «Биыл елдегі үкіметтік емес секторды дамытудың жаңа векторын қамтитын Азаматтық қоғамды дамыту тұжырымдамасы қабылданды. Оның басты мақсаты азаматтық қоғамды дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау және мемлекет пен қоғамның өзара іс-қимылының тиімді жолдарын қамтамасыз ету болып саналады. Концепцияда халықаралық ұйымдармен ынтымақтастықты нығайту, қайырымдылық қызметке қатысатын бизнес-құрылымдар мен азаматтар үшін әлеуметтік және экономикалық шаралар қабылдау арқылы қайырымдылықты ынталандыру мәселелері қамтылған», — деді Болат Тілепов. Ведомство өкілі өз сөзінде бүгінгі форумның тақырыбы тәжірибе алмасуға, Қазақстандағы қайырымдылық қызметіне үздік әлемдік тәжірибелерді енгізуге бағытталғанын айрықша атап өтті. «Донорлар форумының жұмысы кәсіби қайырымдылық қоғамдастығын дамытуға, донорлық және қайырымдылық қызметті нығайту үшін қолайлы ортаны дамыту бойынша ұсынымдар әзірлеуге бағытталған. Пандемия жағдайында қайырымдылық пен еріктілік жалпыұлттық ауқымды қабылдады. Осыған байланысты Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев қайырымдылыққа қаражат бөлу бағытында бизнестің қолайлылығы мен пайдасын қамтамасыз ету үшін қайырымдылық қызметін қолдау жөнінде тиісті тапсырмалар берді. Мемлекет азаматтық және халықаралық қоғамдастықтың біздің қоғамымыздың ұзақ мерзімді даму мақсаттарына қол жеткізу және қазіргі өзекті әлеуметтік проблемаларын шешу үшін белсенді түрде қолдау білдіреді», — деді ведомство өкілі.