Елордада донорлық мәселелерді дамыту жолы талқыланып жатыр
Сөзін жалғай отырып, елімізде қайырымдылық шараларымен айналысып жүрген азаматтарға, бизнес өкілдеріне жасалатын жеңілдіктер туралы қозғап өтті. «Қазіргі уақытта қайырымдылық және еріктілік жұмысты одан әрі дамыту өзекті мәселелердің бірі. Осы іс бойынша 30 қыркүйекте өткен кездесуде Мемлекет басшысы тиісті тапсырмалар берді. Яғни қажет заңдарға өзгерістер енгізу мақсат етілді. Олардың бірі — қайырымдылық ұйымдарына немесе қайырымдылық істерін жиі ұйымдастырып жатқан бизнеске салықтық жеңілдіктер жасау. Бұл механизм өте қажет. Себебі олардың мұндай игі жобаларға араласуы әлеуметтік жауапкершілікті арттырады. Қажет заңнамаларға өзгерістер енгізу бойынша қазір жұмыстар жүргізіліп жатыр», — дейді ведомство жетекшісі. [caption id="attachment_49838" align="alignnone" width="1280"] Фото авторы: Сұлтан Сейітов[/caption] Комитет басшысы сөзін жалғай отырып, еліміздегі донорлық мәдениеттің қалыптасуы туралы пікір білдірді. «Біздегі донорлық мәдениет туралы айтар болсам, екі мәселе еріксіз қозғалады. Оның біріншісі — халықтың 90 пайызы мұндай қайырымды іске жақын. Мешіттерде, жекелеген орындарда қайырымдылық істері жиі көрініс тауып жатады. Ал екінші жағынан үлкен ұйымдар арқылы жасалып жатқан донорлық қызмет әлі дами қойған жоқ. Ең бастысы, халықтың донорлыққа деген көзқарасы, ниеті түзу. Ал оны бірізділікке түсіру, әлсіз тұстарын жетілдіріп, ортақ стандарттарға қою біздің басты мақсатымыз болып отыр. Форум барысында осы мәселелерді жан-жақты талқылайтын боламыз», — дейді ол. Сөзін жалғай отырып, ұйымдастырылып жатқан форумнан қандай нәтиже күтілетінін тілге тиек етіп өтті. «Бұл форумда халықаралық ұйымдардың, жекеменшік қайырымдылық қорларының жұмысын жұртшылыққа кеңінен таныстырамыз. Форум барысында осы салада жұмыс істеп жүрген азаматтық қоғам мүшелеріне, үкіметтік емес ұйымдарға пайдалы мәлімет беру әрі олармен жаңа келісімшарттар, меморандумдар жасау ісі күтіліп отыр. Яғни осы ІХ Азаматтық форум аясында өтіп жатқан шара барысында донорларды үкіметтік емес ұйымдармен біріктіріп, достық қарым-қатынас орнату мақсатымыз болып отыр», — деп ведомство басшысы сөзін қорытындылады.