Елорда әкімі Алтай Көлгінов дипломаттармен кездесті

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елорда әкімі Алтай Көлгінов дипломаттармен кездесті
ашық дереккөз

"Венгрияның Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Михай Галошфаимен және Ауғанстан елшілігінің уақытша сенімді өкілі Омар Азизулламен кездестім. Медицина, мәдениет, инвестиция тарту, тұрмыс қалдықтарын өңдеу жөнінде әңгімелестік. Дипломаттар біршама бағыттағы жұмысымызға, айталық, қалдықтарды өңдеу, су тазарту, т.б. істердегі тәжірибемізді пайдалану жөнінен қызығушылық танытты", - деп жазды А.Көлгінов.