Нұрғиса Тілендиевтің «Әлқиссасын» орыс халық аспаптары ансамблі орындады (видео)
Нұрғиса Тілендиевтің аты аңызға айналған «Әлқисса» күйінің жаңа интерпретациясын жазу идеясы оркестр әртісі Светлана Закуноваға Димаш Құдайбергеннің Мәскеуге баруына орай туындаған екен. Бастапқыда күй 2019 жылдың 19 наурызында Димашты әуежайда қарсы алған кезде орынду үшін дайындалыпты. Алайда «Березка» әртістері әуежайда тек «Мәскеу маңындағы кештер» мен «Калинканы» орындады. Өйткені жанкүйерлер көп болды. Сол үшін Димашты кешіктіргісі келмеді. Сөйтіп, «Әлқисса» кейінге шегеріліп, тағы да өңделіп жарық көрді. «Әлқиссаны» Димаштың және басқа да музыканттардың орындауында бірнеше рет тыңдаған соң Светланаға қазақ композициясына кавер жасау идеясы келіпті. Оған күйдің ерекше әдемі дыбысталуы қатты ұнапты. Сондай-ақ, Светлана бұл күй орыс халық аспаптары балалайка мен домрада да ерекше естілетінін айтады. https://www.youtube.com/watch?v=m4oNaiiiYBA Светлананың идеясын «Березка» мемлекеттік академиялық хореографиялық ансамбль оркестріндегі әріптестері бірден қолдаған. Владимир Голубчиков (балалайка примада ойнайды, өңдеуші дыбыс инженері,); Виталий Кузнецов (балалайка прима, домра); Михаил Теньков (бас-гитара, контрабас); Дмитрий Слетков (перкуссия); Светлана Закунова (домра альт); Клип монтаждаушысы Дарина Трифонова. [caption id="attachment_49772" align="alignnone" width="696"] Фото dimashnews.com сайтынан[/caption] «Біз топпен бірге жиналып, композицияны тыңдадық, оны аспаптар арасында партияларға бөлдік. Әрине, олар бұл процессте өздерінің ойларын айтып, үлес қосты. Қиын жаттығулардан кейін біз қалаған нәтижеге қол жеткіздік, содан кейін оны жазуды бастадық», – деді Светлана. «Березка» МАХА оркестрі 1959 жылдың басында кеңестік балетмейстер және хореограф Надежда Надеждинаның бастамасымен құрылған. Бұған дейін хореографиялық ансамбльде тек 4 баяншы болған. Қазір оркестр ауқымы кеңейіп, онда 13 музыкант және 2 вокалист бар. Оркестрдің бас дирижері - Ресейдің Халық әртісі Леонид Смирнов. Ал тұрақты көркемдік жетекшісі – КСРО Халық әртісі Мира Кольцова. Светлана Закунованың өзі 2007 жылдан бастап «Березка» ансамблінің мүшесі. Бұған дейін ол М.Е. Пятницкий атындағы Мемлекеттік академиялық орыс халық хорының оркестрінде жұмыс істеген. Кәсіби түрде кіші және альто домрада, сондай-ақ мандолинде ойнайды. Светлана 2 жылдан бері Димаштың шығармашылығымен таныс. Қазақстандық әншіні қытайдағы «I’ m Singer»байқауында алғаш рет естіген. Димаштың Еуразиялық фан-клубының және Moscow Dear-ларының мүшесі.