Егер біз ТОП-5 проблеманы айтар болсақ, оның бірі тұрғын үй екені сөзсіз – Көлгінов
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Егер біз ТОП-5 проблеманы айтар болсақ, оның бірі тұрғын үй екені сөзсіз – Көлгінов](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172114595937584527.webp)
Сөз арасында аталған банк алдағы айдан бастап «Отбасы банкі» болып өзгеретінін айрықша атап өтті. «Президенттің тапсырмасына сәйкес, биыл қолжетімді баспана көлемін үш есеге дейін арттырдық. Ал біздегі кезеке тұрған 46 мың азаматтың ішінде зейнеткерлер, әлеуметтік аз қамтылған отбасылар, көпбалалы аналар, мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар, ата-ана қамқорлығынан айырылған азаматтар бар. Сол сияқты бюджет қызметкерлері де бар. Олардың бәріне қолжетімді баспана керек. Бұрынғымен салыстырғанда мемлекет көбірек қаржы бөліп жатыр», - деді Көлгінов. Сөзін жалғай отырып, қолжетімді баспана алдымен кімдерге берілетінін рет-ретімен атап өтті. «Енді алдағы айда болатын мерекелермен құттықтап, баспаналарының кілтін тапсыруды жоспарлап отырмыз. Біріншіден, кезекте тұрған азаматтарға, ары қарай банктегі салымшыларға беріледі. Одан кейін қазақстандық ипотекалық компаниямен 1000-ға жуық баспана бойынша келісімге отырдық. Соның аясында біздегі дәрігерлерге, мұғалімдерге, мәдениет саласының қызметкерлеріне, спортшыларға, полицейлерге, өрт сөндірушілерге бере бастаймыз. Оны былтырдан бері жүргізіп жатырмыз. Ал келесі жылғы жоспарды биыл бастап кеттік», - деді шаһар басшысы. Бұған қоса әкім қолжетімді үйлердің кейбірінің тіпті мекенжайына дейін қозғап өтті. «Айтматов көшесінде - 5 үй, әйежайға барар жолдағы «Пригородныйда» - 2 үй, Қошқарбаев көшесінде, «Нұрлы жол» вокзалының жанында беріледі. Сол сияқты Қарағанды тасжолының бойында кредиттік үйлер бар. Ол Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі арқылы 5-10-20 бойынша беріледі. Осындай өзекті мәселені қамтитын «Тұрғын үй» орталығын арнайы аштық. Ол тұрғындардың әрбір мекемеге жүгірмес үшін «бір терезе» қағидаты бойынша ашылды. Ол жерде тұрғын үйге қатысты ведомстволардың бәрі бар.