Модернизация бойынша астанадағы 100 лифт жаңартылады – елорда әкімі
15 тамыз, 2024
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Модернизация бойынша астанадағы 100 лифт жаңартылады – елорда әкімі](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172114596828260297.webp)
ашық дереккөз
«Тұрғын үйлерді уақытымен жаңғырту жүргізіп, күрделі жөндеуден өткізіп тұру қажет. Яғни лифттерін және басқа да барлық қажеттіліктерін жаңартып отыру керек. Олай істемеген жағдайда тозығы жеткен үй апаттық жағдай тудырады. Ал мүлде жөндеуге келмейтін үйлерді бұзуға тура келеді. Мысалы, Қазақ агротеникалық университетінің маңындағы үйлерді күрейтін боламыз. Тұрғындармен кездестік. Жаңадан салынып жатқан кейбір тұрғын үйлердің құрылысы аяқталған соң ескі үйлердің тұрғындарын көшіреміз. Келесі жылға да сондай жоспар бар. Модернизация бойынша 100 лифт жаңартылады. Оның қазіргі уақытта 30 пайызы жасалды. Сонымен қатар «Орбита», «Территория комфорта-2» сияқты атышулы үйлер бар. Айта берсек, ондай проблемалы нысандар көп. Осы бағытта қыруар жұмыстар атқарылып жатыр», - деді елорда әкімі.
Ұқсас жаңалықтар