Жауған қарды жарты сағаттың ішінде шығарып тастау мүмкін емес – Көлгінов

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Жауған қарды жарты сағаттың ішінде шығарып тастау мүмкін емес – Көлгінов
ашық дереккөз

«Сарыарқаның қарын жергілікті тұрғындар жақсы біледі. Сондықтан ол жаңалық емес. Қар қашан да талқылайтын тақырып болады. Мен әкім болсам да, басқа әкім болса да солай. Мәселе сол қарды тазалап жатқан азаматтарда. Оларды біз де қолдап, техникасын жаңартып тұруымыз керек. Еңбек солардікі. Пандемия кезінде бізде қиындық туындады. Себебі олардың басым көпшілігі осы қаланың тұрғындары емес. Олар Ақмола, Қарағанды облыстарында, елордаға жақын елді мекендерде тұрады. Олардың айлығын көтердік. Былтыр қаланы қардан таза ұстау үшін 165 техника сатып алынса, биылғы қысқа тағы 100-ден астам техника алып жатырмыз. Себебі елорданың қысы қатты. Сондықтан сабырлылық таныту керек. Жауған қарды жарты сағаттың ішінде шығарып тастау мүмкін емес. Оның бәрі үлкен жұмыс. Біздің қызметкерлер оған дайын. Ол жерде «Астана Тазалық»-тан бөлек көптеген жеке компания бар. Міндетін орындамай жүргендер де болғандықтан, біразымен соттасып, келісімшартты бұздық. Біз қар күреп жүрген адамдардың еңбегін бағалауымыз керек. Қар көп жауған кездері оларға сыйақы төленуі қажет. Жеке компанияларға осындай мәселе қойып отырмыз. Себебі бұл салаға жұмысшы табу оңай емес», - деді елорда әкімі.