«Алтын шар» мен «Бағыстан» проблемалы тұрғын үй кешендерінің құрылысы қашан аяқталады
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![«Алтын шар» мен «Бағыстан» проблемалы тұрғын үй кешендерінің құрылысы қашан аяқталады](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/17211459759477468.webp)
Алтай Көлгінов сөзін жалғай отырып, аталған кешендердің құрылысы қашан аяқталатынын қозғап өтті. «Осыдан барып әкімдік банкпен байланысқа шыққанда өзге де тұлғаларға қарызы бары анықталды. Мемлекет оның бәрін қарамағына алды. Ол ең бірінші кім үшін жасалып жатқан дүние? Үлескерлер үшін. Себебі, ол жерде 1000-нан астам үлескер бар. Қазір «Алтын шар 1» аяқталып қалды. Ары қарай «Алтын шар 2» аяқталуы керек. Ал «Алтын шар 3» келесі жылға жоспарланып отыр», - деді ол. Ал «Бағыстан» тұрғын үй кешенінің құрылысы толығымен келесі жылы аяқталатыны белгілі болды. «Сол сияқты біз «Бағыстан» бойынша жұмыс істеп жатырмыз. Ол жерде біраз проблема бар, құжаттама, қаржы бойынша. Онымен айналысып жатырмыз. Міндетті түрде аяқтаймыз. Жартысын биыл, қалған жартысын келесі жылы аяқтаймыз. Бәрін бірден аяқтау мүмкін емес. Үлескерлермен күнделікті кездесіп жатырмыз. Ол нысанның басына барғанда үлескерлермен міндетті түрде кездесемін. Жасыратыны жоқ, уақытынан кешігіп жатқан нысандар да жоқ емес. Ол құрылысшының жауапкершілігіне байланысты. Кейбір мердігерлермен келісімді бұзып жатқан кезіміз де болып жатыр. Проблема көп. Бірақ оны аяқтаймыз», - деді Алтай Сейдірұлы.