Елордада биылға жоспарланған проблемалы 20 үйдің құрылысы толық аяқтала ма
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Елордада биылға жоспарланған проблемалы 20 үйдің құрылысы толық аяқтала ма](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172114602130732330.webp)
Сөзін жалғай отырып, биыл қанша үй қолданысқа берілетінін жеткізді. «Өткен жылы 10 үйді тапсырдық, яғни 2 500 отбасы үйінің кілтін алды. Олардың арасында тіпті құрылысы бітпеген үйлерде тұрып жатқандар болды. Баратын жерлері жоқ, амалсыздан осылай күн көрді. Ол үйдің заңды мекенжайы, техникалық құжаты жоқ. Еш жерде тіркелмеген, үй құрылысы бітпеген. Тіпті, үйдің орны белгіленіп, шұңқыры қазылғанмен, ары қарай жұмыс жалғаспаған. Бірақ ішіндегі пәтердің бәрі сатылып кеткен. Оның бәрін бір жүйеге салдық, мемлекет тиісті қаражатты бөлді. Оған қыруар қаржы керек. Бәрі бір жылда бітпейді. Оны айттық. Бірақ кестені бекіттік. Ол кестені үлескерлер біледі. Биыл проблемалы 20 үйді аяқтауды жоспарлап отырмыз. Басым көпшілігі желтоқсан айында болады. Жылды қорытындылап, қаңтар айында есеп береміз», - деді Алтай Көлгінов. Сөз арасында мемлекеттен бөлінген қаржы қайтадан қайтарылуы керек екенін айта отырып, процесс барысымен қысқаша түсіндіріп өтті. «Судың да сұрауы бар. Мемлекеттен бөлінген қаражатты уақытылы, тиімді пайдаланып, жұртқа кілттерін тапсырып, ал қалған пәтерлерді сатып, қаражатты мемлекетке қайтаруымыз керек», - деді әкім.