«Үміт» дағдарыс орталығына жыл басынан бері 201 адам қабылданды

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
«Үміт» дағдарыс орталығына жыл басынан бері 201 адам қабылданды
ашық дереккөз

«Қалалық әкімдіктің жанындағы «Үміт» дағдарыс орталығы 50 орынға арналған. Орталыққа тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшыраған 18-58 жас аралығындағылар қабылданады. Сол сияқты кәмелеттік жасқа толмағандар да қабылданады. Бұл орталықта 1-6 ай бола алады. Жыл басынан бері 201 адам қабылданды. Оның ішінде 67 адам әйел адам болса, қалған 134-і - балалар. Қазіргі уақытта қызмет алушылар саны – 45. Оның ішінде 15-і - әйел адам, қалған 30-ы - балалар. Жыл басынан бері 216 қызмет алушы шығарылды. Оның арасында 71-і татуластыру арқылы, 127-сі өз қалауымен, ал 18-і тәртіп бұзуы себебімен шығарылды», - деді бас инспектор.

Елорданың бас инспекторы сөз арасында жапа шегушілерге қандай көмек көрсетілгенін қозғап өтті. «Орталық заңгерлері арқылы 124 құқықтық, ал психологтар 497 қызмет көрсетті. Сол сияқты 100-ден аса тренингтер өткізілді», - деді Мөлдір Бөлебаева.