Табиғи монополия саласында алты жылдағы инвестиция 2 трлн теңгені құрайды
15 тамыз, 2024
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Табиғи монополия саласында алты жылдағы инвестиция 2 трлн теңгені құрайды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172114604718921404.webp)
ашық дереккөз
«Тариф саясат туралы сөзді бастағанда табиғи монополиялар саласы экономиканың маңызды сегменті болып саналатындығын, онда қызметкерлердің жалпы саны 300 мыңнан астам адамды құрайтынын атап өту қажет. Табиғи монополиялар саласында екі мыңға жуық қызметтерді көрсететін 1200-ден астам субъект өз қызметін жүзеге асырады. Бұдан басқа комитет қоғамдық маңызы бар нарықтардың 71 субъектісін реттеуді іске асырады», - дейді Асан Дарбаев.
Сөзін жалғай отырып, осы салада тартылатын инвестиция көлемі туралы қозғап өтті. «2015 жылдан бастап «Табиғи монополия субъектілерінің қызметін реттеу, тарифті инвестицияға айырбастау» қағидаты бойынша жаңа тарифтік саясаты шеңберінде жүзеге асырылуда. 2015-2021 жыл аралығындағы инвестиция көлемі 2 трлн теңгені құрайды», - деді ол.
Ұқсас жаңалықтар