Қазақстандық файтер Сергей Морозов келесі жекпе-жегін қаңтарда өткізеді
15 тамыз, 2024
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Қазақстандық файтер Сергей Морозов келесі жекпе-жегін қаңтарда өткізеді](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172114607732041993.webp)
ашық дереккөз
Отандасымыздың келісімшартқа қол қойғаны жайлы Arlan MMA Pro Team командасы инстаграм желісінде хабарлады. Морозов UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедовтің інісі Омар Нурмагомедовпен кездеседі. Жекпе-жек 23 қаңтарда Конор Макгрегор – Дастин Порье кездесуінің андеркартында өтеді. Айта кетсек, Сергей Морозовтың UFC-дегі дебюттік жекпе-жегі 24 қазанда UFC 254 турнирі аясында өтуі керек еді. Ол кезде де қарсыласы Омар Нурмагомедов болып бекітілген. Алайда ресейлік спортшы жарысқа аз уақыт қалғанда емханаға түсіп қалғандықтан, кездесуге қатыса алмаған болатын.
Ұқсас жаңалықтар