Қоқысты жағу арқылы электр энергиясы өндіріледі - министр

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Қоқысты жағу арқылы электр энергиясы өндіріледі - министр
ашық дереккөз

"Бұл дегеніміз, қоқысты жағу арқылы электр энергиясы өндіріледі, сосын ол жалпы электр желісіне сатылады. Жақында ғана Мемлекет басшысы тиісті заң жобасына қол қойды. Тұрмыстық қатты қалдықтарды қайта өңдеуге бағытталған пилоттық жобалар бірінші кезенде 6 қалада жүзеге асады. Олар - Ақтөбе, Алматы, Атырау, Нұр-Сұлтан, Тараз және Шымкент. Бүгінгі күні әкімдіктермен бірлесіп, жер учаскелері, инфрақұрылым және зауыттардың қалдықтармен кепілді жүктелуі мәселелерін пысықтап жатырмыз. Пилоттық жобалар сәтті іске асырылған жағдайда зауыттар басқа қалаларда да салынатын болады. Осы технологияның арқасында біз 2025 жылға қарай қайта өңдеу деңгейін 30 пайызға, яғни орта еуропалық деңгейге дейін жеткіземіз", - деді М.Мырзағалиев.