ЕЭО-да өнеркәсіптік кооперацияны дамытудың бес жылға арналған жүйелі тәсіл қалануда – ИИДМ

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
ЕЭО-да өнеркәсіптік кооперацияны дамытудың бес жылға арналған жүйелі тәсіл қалануда – ИИДМ
ашық дереккөз

«Еуразиялық экономикалық одақ жұмыс істей бастағаннан өнеркәсіптік кооперацияны дамыту саласы басым бағыттардың бірі болды. Қазіргі уақытта бұл Одақта өнеркәсіптік кооперацияны одан әрі дамыту үшін құралдар мен тетіктердің жеткілікті саны қалыптастырылды. Нәтижесінде біз 2015-2019 жылдары Беларусь Республикасы, Ресей Федерациясы және Қазақстан Республикасы арасындағы тауар айналымының ұлғаюы есебінен өңдеуші өнеркәсіптегі кооперациялық жеткізілімдер бір жарым есе өскенін көріп отырмыз», - дейді вице-министр.

Ведомство өкілі сөзін жалғай отырып, Еуразиялық экономикалық одақта өнеркәсіптік кооперацияны дамытудың оң қарқынын сақтау жоспарланып отырғанын мәлім етті. «Бұл үшін Одақта өнеркәсіптік кооперацияны дамытудың бес жылға арналған жүйелі және жан-жақты қамтитын тәсіл қалануда. Ол өнеркәсіптік ынтымақтастықтың 2021-2025 жылдарға арналған негізгі бағыттарда көрініс табатын болады. Бұл кәсіпорындардың отандық өндірістік қуаттарын тапсырыстармен неғұрлым тиімді жүктеуде. Тұтынушылар мен жеткізушілердің неғұрлым перспективалық экономикалық байланыстарын қалыптастыруға сұраныс пен қолжетімді ресурстарға сәйкес өнім жеткізілімдерінің тұрақты орындалуын көздейді. Еуразиялық экономикалық одақта жоғары технологиялық және инновациялық өнімді дамыту үшін мүше мемлекеттердің бірлескен күш-жігері есебінен еуразиялық технологиялық платформалар қалыптастырылды және басым салаларда мемлекетаралық бағдарламалар іске асырылуда», - деді Динара Щеглова.