Мәнерлеп сырғанаушы Тсуёши Хонда Димаштың әнімен Жапония чемпионатында жеңіске жетті
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Мәнерлеп сырғанаушы Тсуёши Хонда Димаштың әнімен Жапония чемпионатында жеңіске жетті](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172114606412249511.webp)
Жапондық мәнерлеп сырғанаушы қазақстандық Денис Теннің Димаш Құдайбергеннің хитімен мұз айдынына шыққанын көрген. Лукас Тсуёши Хонда да «S. O. S» композициясына өз интерпретациясын жасады. Эмоцияға толы қойылымы жас спортшыға алғашқы әрі ең үлкен жеңіс әкелді. Жаңа чемпионның жанарына қуаныштың көз жасы үйірілді. Өйткені бір ай бұрын жамбас жарақатын алған Тсуёши жеңімпаз атанамын деп ойламаған еді. Батыс Жапония біріншілігінде жараланған ол жаңа турнирге 10 күн қалғанда дайындық бастады. "Мен көрермендердің қолдауын көріп, шапалақтарын естігенде қатты қуандым. Шынымды айтсам, қобалжығанмен бәрі ойдағыдай болады деген сезім болды. Мен жылағанды жек көремін, бірақ әлі де көз жасын тоқтата алмай тұрмын. Алдағы уақытта да жасөспірімдер арасында Жапония чемпионы атағына лайықты болуға тырысамын", – деді Тсуёши Хонда. Спортшы еркін бағдарламасынан 129.13 ұпай алса, «S.O.S» композициясымен орындалған қысқа бағдарлама оған 80.35 ұпай әкелген. Жалпы есепте 209.48 ұпай жинап, Тсуёши жасөспірімдер арасында сөзсіз жеңімпаз атанды. "Маған Денис Теннің мұздағы өнер көрсетуі қатты шабыт берді. Сондықтан өзімнің қысқа бағдарламамда осы әнді орындаймын деп шештім. Ия, бұл үлкен жауапкершілік, бірақ оған қарамастан мен осындай мағыналы әндерді өз өнерім арқылы түсіндіргім келеді", - деді Тсуёши Хонда.