HOLDING «Uly Dala» ЖШС-мен сыбайлас жемқорлықтан қорғау туралы келісімшарт жасалды

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
HOLDING «Uly Dala» ЖШС-мен сыбайлас жемқорлықтан қорғау туралы келісімшарт жасалды
ашық дереккөз

Холдинг нарықта 8 жылдан астам жұмыс істейтін 8 компаниядан тұрады. 500-ден астам адам жұмыспен қамтылған. Негізгі қызмет - мұнай және газ ұңғымаларын бұрғылау, гидравликалық жару, құбырларды орау бойынша қызмет көрсету, ұңғымаларды жөндеу, жүйені интеграциялау және өнеркәсіптік автоматтандыру (АТ), құрылыс-монтаждау жұмыстары, API стандарттарына сәйкес мұнай кәсіпшілігі жабдықтарын өндіру. Инвестициялардың жалпы сомасы 17 млрд-тан астам теңгені құрайды. Кездесу барысында департамент басшысы Шыңғыс Қабдула аталған жобаның бизнесті жүргізу барысында туындайтын проблемалық мәселелерді шешуге көмектесетінін айтты. Естеріңізге сала кетейік, бизнесті және инвестицияларды қорғау бойынша «Protecting Business and Investments» жобасы Қазақстанда 2018 жылы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бастамашылығымен құрылған болатын. Негізгі міндеті - сыбайлас жемқорлыққа қарсы қолдауға жүгінген инвесторлар мен кәсіпкерлердің қызметін атқару процесінде бюрократиялық кедергілер мен сыбайлас жемқорлық шығындарын жою.