Қазақстанда сот орындаушыларының қандай шоттардан ақша алуға құқығы жоқ

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Қазақстанда сот орындаушыларының қандай шоттардан ақша алуға құқығы жоқ
ашық дереккөз

Жедел желі арқылы 2020 жылғы 15 қарашадағы жағдай бойынша қарыздар бойынша берешекті қайта құрылымдау, кредиттер бойынша мерзімін кейінге қалдыруды, карантин кезеңінде қосымша қолдау шараларын ұсыну және т.б. мәселелер бойынша азаматтардан 22,8 мыңнан астам қоңырау келіп түскен және өңделді. Халық қаржы реттеушісімен жедел өзара әрекет етуі мақсатында және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 30.05.2020 жылғы №338 қаулысымен бекітілген Қаржылық сауаттылықты арттырудың 2020-2024 жылдарға арналған тұжырымдамасы бойынша іс-шаралар жоспарын іске асыру шеңберінде Агенттік 2020 жылғы 25 маусымнан бастап «Fingramota Online» мобильді қосымшасын іске қосты. Бұл қаржы реттеушісінің халықпен және бизнеспен қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтары мен мүдделерін қорғау, қаржы және басқа да ұйымдардың қызметі, қаржылық сауаттылықты арттыру және басқа да мәселелер бойынша өзара әрекет етуіне қолайлы құрал. Осы мессенджер арқылы Агенттікке 2020 жылғы 15 қарашадағы жағдай бойынша 1 219 сауал келіп түскен. Соңғы айда «Fingramota Online» қосымшасында жиі қойылатын сауалдарға жауаптарды ұсынамыз. Сұрақ: Коллектор менің туыстарым мен таныстарыма қоңырау шалуына құқығы бар ма? Өз құқықтарымды қорғау үшін қайда жүгіне алам? Жауап: Сәлеметсіз бе! Қарызды ресімдеген кезде шартта тараптардың құқықтары мен міндеттемелері көрсетіледі. Оның ішінде қаржы ұйымының қарыз бойынша мерзімін кешіктіру туындаған жағдайда бөгде ұйымдарды тарту құқығы көрсетілуі мүмкін. Бұдан басқа, шартта борышкердің орналасқан жерін анықтау үшін үшінші тұлғаларға жүгіну құқығы көрсетілуі мүмкін. Алайда бұл ретте коллекторлық агенттік «Коллекторлық қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әрекет етуі тиіс. Коллекторлық ұйымның қызметінің заңдылығын тексеру үшін Сіз ҚР Қаржы нарығын реттеу және қадағалау агенттігінің Сізге қолайлы кез келген тәсілмен жүгінуге құқылысыз: А15С9Т5, Алматы қ., Көктем-3 ш/а, 21-үй, 1-кіреберіс мекенжайы бойынша жазбаша өтінішпен; info@finreg.kz электрондық пошта арқылы немесе электрондық үкіметтің порталы арқылы. Жүгінген кезде өз деректеріңізді және өтінішке қатысты барлық ақпаратты көрсетуді сұраймыз: коллекторлық агенттіктің атауы, қызметкерлердің аты және телефондары және т.с.с. өтініш заңнамада белгіленген мерзімде қаралады. Сұрақ: Маған тиімді пайызбен ақша салуды ұсынды. Алайда ұйым қаржы ұйымы ретінде тіркелмеген және шетелде тіркелген. Бұл қаржы пирамидасы болуы мүмкін бе? Жауап: Сәлеметсіз бе? Егер ұйым Қазақстан Республикасының аумағында тіркелмесе, оған ақша салу өте тәуекелді болып табылады. Қаржы пирамиданың бірнеше айқын белгілері бар: Депозиттер қабылдау үшін қаржы реттеушісінің лицензиясының болмауы; Міндетті кіру жарнасы; Клиенттің төлемдер алу үшін бірнеше басқа жаңа клиенттер тарту міндеттілігі; Жаңа қатысушыларға кейіннен басқа салымшылар енгізетін ақшадан сыйақы төлеу; Салынатын қаражаттың қарыз нарығы бойынша орташа деңгейден асатын негізсіз жоғары кірістілігіне уәде беру; Салымдардың сақталуына кепілдіктің болмауы; Ұйым қызметінің түрі анықтамасының, оның жарғысының, ресми тіркелуінің болмауы; Ұйымның қаржылық жағдайы туралы қандай да болсын ақпараттың болмауы; БАҚ-тағы, интернеттегі өктем жарнама; Компанияның әртүрлі бағдарламаларының қатысушыларына қымбат сыйлықтар тапсыра отырып, көрнекі жарнамалық шоу- таныстырылымдар ұйымдастыру; Кіріс көздерінің, қаражат айналымының, бизнес-процестердің ашық емес құрылымы және басқасы. Егер сіз өз ақша қаражатыңызды сеніп тапсырғыңыз келетін ұйымда жоғарыда аталған белгілердің барлығы немесе бірнешеуі болса, сізді үлкен шығынға алып келуі мүмкін қаржылық алдауға тартып отыр ма екен деп ойлануыңыз керек. Сұрақ: Мен банктен кредит алғым келді, бірақ олар маған кредит беруден бас тартты. Бұл менің бұрын мемлекеттен әлеуметтік көмек алғаныма байланысты болуы мүмкін бе? Жауап: Сәлеметсіз бе! Қарыз беру туралы шешімді қарыз алушының кредиттік тарихы мен төлем қабілеттілігін талдау негізінде қаржы ұйымдары жеке тәртіппен қабылдайды. Кредит беру шарттарын, қарыз берілуі мүмкін тұлғалардың санаттарын, бұл үшін қажетті олардың төлем қабілеттілігінің өлшемшарттарын, сондай-ақ кредит берудің өзге де талаптарын «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Банктер туралы заң) сәйкес екінші деңгейдегі банктер Банктің Директорлар кеңесі бекітетін операцияларды жүргізудің жалпы талаптары туралы қағидаларда, ішкі кредиттік саясатында дербес айқындайды. Банк кредит беру кезінде өзіне белгілі бір тәуекелдерді, оның ішінде қарыздарды қайтармау тәуекелін қабылдайды. Осыған байланысты тәуекелдерді барынша азайту мақсатында банктер тұрақты кірістің болуына, қарыз алушының жасына, азаматтығына және басқаларына сүйене отырып, әлеуетті қарыз алушының кредит төлеуге қабілеттілігіне алдын ала талдау жүргізеді. Бұл ретте қарыз беру туралы оң шешім қабылдау үшін қарыз алушыда теріс кредиттік тарихтың болмауы маңызды фактор болып саналады. Егер Сіз өзіңіздің қаржылық қызметтерді тұтынушы ретіндегі құқықтарыңыз бұзылды деп есептесеңіз, Сіз ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне өзіңізге ыңғайлы кез келген тәсілмен: А15С9Т5, Алматы қ., Көктем-3 шағын ауданы, 21-үй, 1 кіреберіс мекенжайына жазбаша өтінішпен; info@finreg.kz электрондық пошта арқылы немесе электрондық үкімет порталы арқылы жүгінуге құқылысыз. Сұрақ: Менің тұрғын үйім ипотекалық қарыз бойынша міндеттемелерді орындау есебінен банктің балансына қабылданды, Ипотекалық тұрғын үй қарыздарын/ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыру бағдарламасы шеңберінде маған қарыз алушы ретінде тұрғын үйді меншікке қайтару бойынша қандай көмек көрсетілуі мүмкін? Жауап: Сәлеметсіз бе! Бағдарламаның 2-1-бөлімінің 17-8-тармағына сәйкес банк баланста тұрған тұрғын үйді қарыз алушының/кепіл берушінің/жалға алушының меншігіне беру мақсатында тараптардың келісімі бойынша жүзеге асырады: қарыз алушыны/кепіл берушіні қаржыландыру; жалға алушыға тұрғын үйді кейіннен сатып алу құқығымен жалға беру. Тұрғын үйді меншікке беру мынадай жағдайларда жүзеге асырылады: 2020 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша қарыз алушының/кепіл берушінің меншігінде тұрғын үйдің болмауы; тұрғын үйдің ағымдағы нарықтық немесе баланстық құнының сомасы (олардың ең азы) және қарыз бойынша негізгі борыш қалдығының жиынтығы 50 млн теңгеден аспайды. Қарыз алушыны қаржыландыру 3%-дық мөлшерлеме бойынша жүзеге асырылады, жалдау мерзімі 20 жылдан аспайды (кемінде 20 мың теңге жалдау төлемімен және кірісті ең төменгі күнкөріс деңгейінен сақтай отырып). Жалдау мерзімі 5 жылдан асқан кезде ай сайынғы жалдау төлемінің мөлшері тараптардың келісімі бойынша белгіленеді. Сұрақ: Қазақстанда сот орындаушыларының қандай шоттардан ақша алуға құқығы жоқ? Жауап: Сәлеметсіз бе! Егер қарыз есебінен қаражатты өндіріп алу туралы іс сотқа дейін жеткен жағдайда, жеке сот орындаушылары қарыз алушының банктік шоттарына тыйым сала алады. Алайда, арнайы шоттардағы қаражатқа: тыйым салуға, банктер мен банктік емес ұйымдардың төлем талаптары бойынша, сот орындаушыларының инкассалық өкімдері бойынша өндіріп алуға жол берілмейді. Сонымен, қолданыстағы заңнамаға сәйкес: мемлекеттік бюджеттен және (немесе) Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдерді есепке жатқызуға арналған банктік шоттардағы ақшаға; тұрғын үй төлемдерін есепке жатқызуға арналған банктік шоттардағы ақшадан; тұрғын үй төлемдерін пайдалану есебінен жинақталған тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы түріндегі тұрғын үй құрылысы жинақ банктеріндегі банктік шоттардағы ақшадан, кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеу жүргізу мақсатында жасалатын шарттар бойынша міндеттемелердің орындалмауы туралы істер бойынша сот шешімдері негізінде өндіріп алуларды қоспағанда, кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге арналған жинақтар түріндегі екінші деңгейдегі банктердегі банктік шоттардағы ақшадан; нотариус депозиті шарттарында енгізілген ақшадан; «Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жасалған білім беру жинақтау салымы туралы шарт бойынша банктік шоттардағы ақшадан; банктік шоттардағы әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының активтерінен; Қазақстан Республикасының мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласындағы және концессиялар туралы заңнамасына сәйкес инвестициялық шығындардың өтемақысын есепке жатқызуға арналған банктік шоттардағы ақшадан; төлем талаптары негізінде банктік қарыздар бойынша алимент (кәмелетке толмағандар мен еңбекке жарамсыз кәмелетке толған балаларды асырауға арналған ақша) есептеуге арналған банктік шоттардағы клиенттердің ақшасынан; өндіріп алушылардың пайдасына өндіріп алынған соманы сақтауға арналған жеке сот орындаушысының ағымдағы шотындағы ақшадан; берілген банктік қарыздар бойынша кепіл мәні болып табылатын төлем талаптары негізінде осындай банктік қарыздар бойынша өтелмеген негізгі борыш сомасы мөлшерінде жинақ шоттардағы ақшадан өндіріп алуға жол берілмейді. Сондықтан, егер сіз төлемдер мен әлеуметтік төлемдерді алушы болсаңыз немесе, мысалы, кәмелетке толмаған балаларға алимент алатын болсаңыз, онда сізге банкте немесе «Қазпочта» АҚ-та «әдеттегі» карточкалық шот емес, арнайы шот ашу керек. Шотты, әсіресе арнайы шотты ашар алдында мұқият болыңыз және барлық ақпаратты егжей-тегжейлі зерделеңіз.