Қазақстандықтар 160 мыңға жуық ескі көлікті жоюға тапсырды
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Қазақстандықтар 160 мыңға жуық ескі көлікті жоюға тапсырды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/17211459842643235.webp)
Сертификат бағдарламасы бойынша 54 635 автокөлік қабылданды. Бағдарлама нәтижесінде отандық өндірушіден 28 141 су жаңа автокөлік сатып алынды. Айта кету керек, биыл ескі көлікті ақшаға тапсырғандарға берілетін өтемақы көлемі айлық есептік көрсеткішке байланысты өсірілді. Маусым айынан бастап жеңіл көлік тапсырғандарға берілетін өтемақы 150 мыңнан 200 мың теңгеге (72 АЕК) дейін ұлғайды. Биылғы 2 қарашадан бастап ӨКМ Операторы тозығы жеткен ауылшаруашылық техникасын қайта өңдеуге қабылдаудың пилоттық бағдарламасын іске қосты. Бағдарлама аясында агротехниканы тапсырушыларға 560 мыңнан 2 миллион теңгенің жеңілдік сертификаты беруді бастады. Жаңа бағдарлама іске қосылғаннан бері 47 ауылшарушлық техникасы қабылданды. Оның 33-і – трактор, 14-і – комбайн. Жыл соңына дейін ауылшаруашылық техникасын қабылдауға 120 квота (100 трактор және 20 комбайн) қарастырылған. Ескі көліктерді жоюға қабылдау бағдарламасы бойынша аймақтардан жиналған машиналар Қарағанды облысындағы зауытқа жеткізіледі. Істен шыққан көлік құралдары сол жерде қайта өңделеді. Қазіргі таңда зауыт 146 705 көлікті қайта өңдеді.