Елордалық полицейлер жалған нөмірмен жүрген автокөліктерді анықтады
Мемлекеттік тіркеу нөмірі 2012 жылдан бастап есептен шығарылғаны анықталды. Ұсталған жүргізушінің айтуы бойынша ол 2020 жылдың қазан айынан бастап көлікті жалған нөмірмен басқарған. 29 жастағы жүргізушіге қатысты автокөлікті нөмірлік белгі стандартына сәйкес келмейтін талаптармен жүргізгені үшін Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 590-бабы 4-бөлігі бойынша әкімшілік іс қозғалды. Материал Нұр-Сұлтан қаласының Мамандандырылған әкімшілік сотына жолданып, автокөлік коммуналдық тұраққа қойылды. Елордада «Қауіпсіз жол» республикалық жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілуде. Екі күннің ішінде полицейлер 1,5 мыңға жуық жол жүру қағидасын бұзу фактісін анықтады, оның ішінде 23 құқық бұзушылықты қоғамдық көлік жүргізушілері жасаған. Жүргізуші куәлігінсіз көлік құралын басқарған 118 автожүргізуші анықталды. Сонымен қатар, белгіленбеген орыннан өткені үшін 200-ден астам жаяу жүргіншіге айыппұл салынды. Екі күннің ішінде 10 жүргізуші алкогольдік масаң күйде ұсталды. Коммуналдық айыппұл тұрағына 50-ден астам автокөлік қойылды. Үш күннің ішінде полицейлер Жол жүру ережелерін өрескел бұзғандарды анықтауда. «Қауіпсіз жол» ЖАІШ барысында жол-көлік оқиғаларына жол бермеу бойынша алдын алу және түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.