Нұр-Сұлтанда «Жолда қабылдау» республикалық акциясы өтуде
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Нұр-Сұлтанда «Жолда қабылдау» республикалық акциясы өтуде](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172114612012423164.webp)
Азаматтар полицейлерге алдын ала жазылмай-ақ, тікелей хабарласып, қоғамдық және жол қауіпсіздігі, көші-қон заңнамасын сақтау және басқа да өзекті мәселелер бойынша консультативті және құқықтық көмекке жүгіну мүмкіндігіне ие болды. Елордалық полицейлер 18 қарашадан бастап акция шеңберінде қала тұрғындары мен қонақтарын қабылдауды жүзеге асыруда. Өткен екі күн ішінде 524 азамат хабарласып, өз сұрақтарын қойды. Тұрғындарды көбіне көлік құралдарын тіркеу, жүргізуші куәлігін алу және ауыстыру, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету, көлік құралдарын қайта жабдықтау, әкімшілік айыппұлдарды төлеу мәселесі қызықтырды, сондай-ақ учаскелік полиция инспекторларының жұмысына қатысты сұрақтар да келіп түсті. Полицейлер барлық келіп түскен сұрақтар бойынша ҚР Заңына сәйкес түсініктемелер берді. Сонымен қатар қала тұрғындары акция барысында Нұр-Сұлтан қаласының полиция қызметкерлеріне алғыстарын айтты. Осылайша полиция қызметкерлері акция барысында хабарласқан қала тұрғынына көмектескен, яғни оның 2002 жылы сатқан автомашинасын тіркеуден шығарған, сонымен қатар өзі ұзақ уақыттан бері есептен шығара алмай жүрген автомашинасын жарты сағаттың ішінде қайта ресімдеп берген. «Жолда қабылдау» акцияның шеңберінде қала тұрғындары мен қонақтарын сағат 10.00-ден бастап 18.00-ге дейінгі аралықта төменде көрсетілген мекенжайлар бойынша қабылдау жүзеге асырылады: - Мамандандырылған ХҚКО (20-40 көш.); - «Аружан» СОСО (Жансүгірұлы көш. 8/1-үй); - жаңа вокзалдың ғимараты (А-82 көш., 8-корпус).