Елордадағы дәмханада газ баллон жарылды

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елордадағы дәмханада газ баллон жарылды
ашық дереккөз

"20 қарашада сағат 12.25-те Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД кезекші-диспетчерлік қызметінің пультіне Шұбар шағын ауданындағы дәмхана ретінде қайта жабдықталған коттеджде газ баллон жарылғаны туралы хабарлама түсті. Өрт сөндірушілер оқиға орнына келген бойда үй-жайдың ішінде бір адам және 15 газ баллон бар екені анықталды. Жарылыс салдарынан ас үйдің шатыры құлаған", - делінген ТЖД хабарламасында.

Құтқарушылар 15 баллонды алып шығып, бір адамды құтқарды. Алдын ала мәліметтер бойынша бір адам оқиға орнында көз жұмды. Сонымен қатар жедел-медициналық көмек бригадасы 19 адамды қарап жатыр. Көлемі 20 шаршы метр өрт сағат 12.58-де сөндірілді. "Оқиға орнында Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД Апаттар медицинасы орталығының күштері мен құралдарынан 34 құтқарушы және 10 бірлік техника жұмылдырылды. Адамдар тоңып қалмас үшін қала әкімдігі және ТЖ департаментімен КУНГ көлігі мен автобус жіберілді. Оқиға орнында жедел штаб құрылды, психологиялық көмек беру және ақпараттық қолдау үшін жедел желі телефоны қосылды 24-51-71, 24-51-47", - делінген аталған ақпаратта.