Иммунды жүйені қалай күшейту керек – дәрігер кеңесі

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Иммунды жүйені қалай күшейту керек – дәрігер кеңесі
ашық дереккөз

«Өзіміздің иммунды жүйемізді күшейту алдымен спецификалық иммунды нығайтудан тұрады. Ол үшін бірінші грипптен қорғану мақсатында вакцинация қолдану қажет. Яғни түрлі созылмалы ауруы бар адамдар вакцина қабылдауы керек. Сол сияқты бұл тізімге балалар, жүкті әйелдер және өзге де санаттағы азаматтар кіреді» - деді ол.

Сөз арасында ол иммунды жүйені нығайтудың өзге де жолдарын атап өтті. «Бұл қарапайым болып көрінгенмен пайдасы мол. Иммунды жүйені нығайту үшін уақытылы ұйықтау, жұмыс режимін сақтау, бөлменің ауасын тазартып тұру (қазір күн салқын болған соң бөлмеден шығып кету қажет), таза ауада серуендеу (маска мен қолғапты міндетті түрде киіп жүру)», - деді Татьяна Цечоева.