Жеңілмеген қазақстандық боксшы салмақ өлшеу рәсіміне қатысты

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Жеңілмеген қазақстандық боксшы салмақ өлшеу рәсіміне қатысты
ашық дереккөз

M&R Boxing Promotions компаниясы ұйымдастырған бокс кешінде 26 жастағы жерлесіміз мексикалық Даниэль Нахерамен (9-5-1, 4KO) жұдырықтасады. Жекпе-жек алдында Мұсәділов пен Наджера салмақ өлшеу рәсімінен өтті. Серік Мұсәділов таразыда 198,8 фунт (90,174 келі) көрсетіп, салмақ шегін орындады, қарсыласының салмағы 200,4 фунтты құрады. Бұл бірінші ауыр дивизионның шегінен сәл артық, алайда титулдық емес жекпе-жектерде сәл артық салмаққа жол беріледі.