Абайдың шығармалар жинағы әлемнің 10 тіліне аударылды

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Абайдың шығармалар жинағы әлемнің 10 тіліне аударылды
ашық дереккөз

«Егер біз білімді тек қана сырттан ала берсек, әлемдегі ілгері дамыған елдердің ортасына енуімізге күрделі болар еді. Біздің де ерекше мәдениет мұрагері ретінде әлемге береріміз бар. Мысалы, биыл Абайдың 175 жылдық мерейтойы өтіп жатыр. Соның аясында Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Абай шығармаларының жинағы әлемнің 10 тіліне аударылды. Олар – ағылшын, араб, испан, итальян, неміс, француз, түрік, жапон. Осы тілдердің біразына Абай шығармалары бұрын мүлде аударылмаған еді. 10 тілдің жетеуіне Абай қазақ тілінен тікелей аударылды. Жалпы, бұл жұмысқа ең беделді деген баспа ұйымдары қатысты. Атап айтқанда, ағылшын тіліндегі аудармаға Кембридж университетінің баспасы, испан тіліндегі аудармаға атақты Сервантес университетінің баспасы, ал орыс тіліндегі аударманы шығаруға Мәскеу мемлекеттік университетінің баспасы араласты. Бұл тұрғыда біз тек ғылыми аудармалар ғана емес, көркем әдебиет аудармасында да ілгері бастық деп айтуға болады. Осының бәрі – қысқа ғана мерзімде қол жеткізген нәтижелер», – деді ол.