«100 жаңа оқулық» бағдарламасы: аударма жұмыстары қалай жүргізіледі

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
«100 жаңа оқулық» бағдарламасы: аударма жұмыстары қалай жүргізіледі
ашық дереккөз

«Бұл оқулықтарды аударуға, дайындауға еліміздегі барлық негізгі деген әсіресе ұлттық университеттердің мамандары кеңінен қатысты. Жалпы алғанда 300-ге тарта оқытушылар, ғалымдар, редакторлар, аудармашылар ағылшын тілінен қазақ тіліне тікелей аударды. Ол аудармашылар тек тіл білетіндер ғана емес, алдымен пәнді білетін мамандар. Одан кейін ғылыми редакторлар, әдеби редакторлар, яғни тілінің жатық болуы, сауатты аударылуы, ғылыми редакторлармен бірлесе отырып, ұғымдардың, терминдердің дұрыс берілуі секілді өзекті мәселелер мұқият қаралды», - дейді Рауан Кенжеханұлы.

Сөз арасында корректорлық, техникалық, беттеу жұмысы, дизайн жұмыстарына ерекше мән берілетінін атап өтті. «Осыдан кейін барып, тиісті оқу орындарының кафедраларында мамандар бұл оқулықтарды талқылаудан өткізеді. Яғни ертең оны қолданатын, пайдаланатын оқытушылар әрқайсысын талқылағаннан кейін қай оқу орнында талқылаудан өткенін белгілейді», - дейді ол. Жоба жетекшісі іс мұнымен ғана тоқтап қалмай, сырт көз, яғни ғылыми мамандардан рецензия алынатынын қозғап өтті. «Міне осындай бірнеше сатыдан тұратын сапа қамтамасыз етуге арналған жүйе қалыптасты. Осындай жұмыстың ретімен 77 оқулық аударылып, таратылды. Тағы 23 оқулық қазір аударылып болды. Олар баспаға дайындалып жатыр. Биылғы жоспарымыз – жыл соңына дейін оқу орындарына жеткізу. Биыл жобаның қорытындысын шығарамыз», - деді Рауан Кенжеханұлы.