«Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы қандай жемісін беріп жатыр
15 тамыз, 2024
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![«Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы қандай жемісін беріп жатыр](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172114615841150543.webp)
ашық дереккөз
«Жобаның қандай жеміс беріп жатқаны туралы айтатын болсақ, Елбасы мақаласында аталған бірнеше бағыт бойынша біздегі оқу бағдарламалары, білім беру мазмұны түбегейлі жаңарды. Олар – философия, әлеуметтану, психология, тарих, тіл білімі, саясаттану. Осы бағыттар бойынша біз қатарына қосылғымыз келіп жүрген дамыған 30 мемлекеттің оқу орындарынан келген оқулықтар біздің аудиториямызға сай келді. Бір жағынан бұл «Болашақ» бағдарламасының кеңейтілген жалғасы сияқты. Мысалы, «Болашақ бағдарламасы арқылы біз әлемнің мықты оқу орындарына жастарымызды білім алуға жіберсек, енді сол мықты білім ордаларының оқулықтарын, идеяларын, білім консепцияларын қазақ тіліне аудару арқылы оны Қазақстанға алып келіп жатырмыз. Екіншіден, бұған дейін Қазақстанда болмаған жаңа салаларға жол ашылды. Мысалы, статистика, зерттеу әдістері, экономиканың ішіндегі бірнеше бағыт, маркетинг, макро және микро экономика, экономикс, ұйымдық мінез-құлық, интернет психологиясы сияқты қазақ тілінде болмаған, бірақ қазіргі өмірге қажетті өте өзекті салаларға қатысты жаңа білім беру құралдары пайда болды. Үшіншіден, біз өзіндік техникалық жұмысы бар аударма мектебін қалыптастыра алдық деп ойлаймын», – деді ол.
Ұқсас жаңалықтар