Рауан Кенжеханұлы: «100 жаңа оқулық» бағдарламасы аясында 800-ден аса кітапты аудару туралы ұсыныс түсті
15 тамыз, 2024
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Рауан Кенжеханұлы: «100 жаңа оқулық» бағдарламасы аясында 800-ден аса кітапты аудару туралы ұсыныс түсті](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172114616115572567.webp)
ашық дереккөз
«Біздегі «100 жаңа оқулық» жобасының негізгі мақсаты – дүниежүзіндегі ең ілгері деген оқу орындарының бағдарламаларына кірген, көп тілдерге аударылып, әлемде білім беру саласында кеңінен қолданылатын оқулықтарды қазақ тіліне аударып, еліміздегі оқу орындарына жеткізу. Бұл жобаны іске асыру үшін әуелгі кезекте біздегі оқу орындарынан ұсыныс алдық. «Қандай оқулықтарды аудару қажет деп санайсыздар?» деген сауалға жауап ретінде 800-ден аса оқулық келді. Бұл оқулықтарға деген қажеттілік, сұраныс өте жоғары. Себебі шамасы жеткен оқу орындары бұл оқулықтарды тауып алып, бүгінге дейін өз беттерімен аударып келді», - дейді жоба жетекшісі.
Рауан Кенжеханұлы сөзін жалғай отырып, 800 оқулықтың бәрін бірдей аудару мүмкін емес, арнайы құрылған жұмыс тобы белгілі бір талаптардың негізінде жылда 30 оқулықтан бекітіп беріп отыратынын тілге тиек етіп өтті. «Қазір «Рухани жаңғыру» бағдарламасы қолға алынған 2017 жылғы сәуірден бері 77 оқулықты аударып, еліміздегі 132 жоғары оқу орнындағы кітапханаларына жеткіздік. Бұл біздің мемлекеттік және жекеменшік жоғары оқу орындарын қамтиды. Ал оқулықтардың таралымын сол оқу орнындағы студенттердің есебіне сәйкес бөлдік», - дейді Рауан Кенжеханұлы.
Ұқсас жаңалықтар