СІМ АҚИҰ-мен ынтымақтастық мәселелерін талқылады
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![СІМ АҚИҰ-мен ынтымақтастық мәселелерін талқылады](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172114618836051095.webp)
Кездесу барысында АҚИҰ басшысы ү.ж. 28 қазанда Ұйымның Атқарушы кеңесінің өткен отырысының қорытындылары туралы хабардар етті, сондай-ақ ү.ж. 2-3 желтоқсанда Анкарада өтетін АҚИҰ Бас ассамблеясының жыл сайынғы 3-сессиясының күн тәртібімен таныстырды. Тараптар АҚИҰ-ның бірқатар флагмандық бағдарламалары мен жобаларының мазмұнына назар аударып, ү.ж. 27-28 қарашада Ниамей қаласында (Нигер Республикасы) өткізілуі жоспарланған Ислам ынтымақтастық ұйымға қатысушы елдердің Сыртқы істер министрлері кеңесінің 47-ші сессиясы күн тәртібі туралы пікір алмасты. Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі ислам ұйымы 2012 жылы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылды. Штаб-пәтері Нұр-Сұлтан қаласында орналасқан.