Атбасар қаласындағы өрттен үш адам құтқарылды

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Атбасар қаласындағы өрттен үш адам құтқарылды
ашық дереккөз

ҚР ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәлидің мәліметіше, өрт сөндірушілер үш адамды құтқарды. Тағы алты адам эвакуацияланды. Оның ішінде үшеуі бала. Өкінішке қарай, өрт болған пәтерде 1966 жылы туған ер адамның денесі табылды. Өрттің шығу себебі анықталуда. Өртті сөндіруге ТЖ департаментінің жеті қызметкері мен екі техникасы жұмылдырылды. Оқиға орнында аудандық полиция бөлімінің кезекші жедел-тергеу тобы жұмыс істеді. «26 минут ішінде өрт толығымен сөндірілді. Өрт үшінші қабаттағы пәтерлердің бірінде шыққан. Үй заттары мен жиһаздар өртенген. Өрт кезінде төменгі қабатта тұратын тұрғындар үйлерінен өздігімен шығып кеткен. Жоғарғы қабаттардағы тұрғындар қалың түтіннің салдарынан төмен түсе алмады. Өрт сөндірушілер әр пәтерді тексеріп, онда адамдар болған кезде оттегі маскасын киіп, таза ауаға шығарды», - деді Талғат Уәли. ТЖМ азаматтарға тұрмыста өрт қауіпсіздігі қағидаларын сақтау қажеттігін еске салады.