Головкин – Шеремета жекпе-жегі қайда өтетіні белгілі болды
15 тамыз, 2024
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Головкин – Шеремета жекпе-жегі қайда өтетіні белгілі болды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/17211462208109650.webp)
ашық дереккөз
Геннадий Головкин мен польшалық Камил Шеремета арасындағы жекпе-жек АҚШ-тың Техас штатында өтуі мүмкін. Әлемдегі пандемияға қарамастан кеште жанкүйерлердің келуіне рұқсат етіледі деп күтілуде. Бұған дейін SportBible басылымы желтоқсан айында өтетін жекпе-жектердің тізімін жариялады. Арасында Геннадий Головкиннің де жекпе-жегі көрсетілген. Басылымның мәліметінше, қос боксшы арасындағы айқас желтоқсан айының 18-не жоспарланған. Айта кетейік, Головкин – Шеремета жекпе-жегінде орта салмақтағы IBF чемпиондық белбеуі бәске тігіледі.
Ұқсас жаңалықтар