ҚР ТЖМ-да ДДҰ өкілдігінің қызметкерлерімен онлайн-кездесу өтті

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
ҚР ТЖМ-да ДДҰ өкілдігінің қызметкерлерімен онлайн-кездесу өтті
ашық дереккөз

Кездесу аясында түрлі төтенше жағдайларға ден қою саласындағы одан әрі ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

Біздің ведомство ТЖ туындаған жағдайда денсаулық сақтау саласындағы қауіп-қатерлерді басқаруды нығайтуда елдерге көмек көрсету мәселесінде Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының рөлін атап өтті.

Өз кезегінде ДДҰ ақпараттық ресурстарды алмасу және пайдалану тетіктерін және ықтимал ТЖ-ға ден қоюдың тиімді әдістемелерін нығайту бойынша ТЖМ-мен ынтымақтастыққа дайындығын білдірді.

Апаттар мен медицина саласында бағдарламалық құжаттарды әзірлеу кезінде өзара іс-қимыл бойынша уағдаластыққа қол жеткізілді.