Елордада Халықаралық онлайн оқу Конгресі өтті

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елордада Халықаралық онлайн оқу Конгресі өтті
ашық дереккөз

"Халықаралық оқу Конгресін өткізудің мақсаты – кітапхана саласының барлық мамандарына, ғалымдар мен қоғам қайраткерлеріне ұлттық құндылықтарды, рухани-адамгершілік және мәдени аспектілерді оқу, сақтау, қолдау мәселелері, вирус пандемиясынан кейінгі жаһандық қайта құрулар кезеңіндегі кітапханалар жұмысының бағыттары бойынша пікірталас кездесуіне қатысуға мүмкіндік беру үшін ақпараттық және ғылыми-мәдени онлайн алаң құру", - делінген ақпаратта.

Жиынға Қазақстан Республикасының Даниядағы Құрметті Консулы Leif Midtgaard Pedersen қатысты. Консул мырза өз сөзінде қазіргі қоғамдағы кітапханалардың оқуды насихаттау ісіндегі үлкен рөлін атап өтті. «Мен кітапхана саласының мамандары үшін онлайн-ақпараттық платформа құру жөніндегі осы бастаманы алға басқан қызықты қадам деп санаймын. Тарихтан сабақ алуға және осы платформаны болашақ үшін құруға мүмкіндік беретін ұлттық құндылықтар мен мәдени аспектілер осы процесстің негізі болуға тиіс. Осы онлайн платформаға қатысу – мен үшін үлкен мәртебе. Сондықтан мен бұл бастама мен идеяны 100% қолдаймын. Біз барлық жақсы адамдарға сүйене отырып, пайдалы және керемет платформа құра аламыз деп үміттенемін", - деді ол. Мамандардың пікірінше, қазіргі уақытта кітапхана жұмысын виртуалды оқырманға бағыттау кітапхана аудиториясын жаһандық деңгейге дейін кеңейтеді. Алғаш рет Қазақстандағы халықаралық оқу Конгресіне халықаралық кітапханалық қауымдастықтар мен мекемелер Федерациясының (ИФЛА) президенті Кристин Маккензи қатысып, короновирус пандемиясымен байланысты ақпараттық қоғамдастықтағы жаңа өзгерістер кезеңіндегі ИФЛА жұмысы туралы және сауаттылық пен оқуды әлемдік ауқымда ілгерілетудің маңыздылығы туралы баяндама жасады. Сондай-ақ Халықаралық оқу конгресінің жұмысына Ресей, Қытай Халық Республикасы, Венгрия, Түркия, Латвия, Дания, Біріккен Араб Әмірліктерінің ұлттық және басқа да кітапхана мамандары қатысты.