Ұлттық музейде «Ұлы Даланың ежелгі өнері және технологиялары» залы ашылды
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Ұлттық музейде «Ұлы Даланың ежелгі өнері және технологиялары» залы ашылды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172114619924939704.webp)
Экспозицияны ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, Шығыс қазақстан облысы және елорда әкімдіктерінің қолдауымен ҚР Ұлттық музейі Нұр-Сұлтан қаласы бойынша "Рухани жаңғыру" жобалық кеңсесімен бірлесіп дайындады.
[caption id="attachment_48409" align="alignnone" width="1280"] Фото авторы: Сұлтан Сейітов/Elorda Aqparat[/caption]
Ұйымдастырушылардың ақпараты бойынша залдың ашылуы Нұрсұлтан Назарбаевтың қазақ халқының мәдени мұрасын сақтау және дамыту мақсатында «Ұлы Даланың ежелгі өнері және технологияларын» құру қажеттілігі туралы тапсырмасын орындау аясында өткізілді.
Рәсімді ашқан Ұлттық музей басшысы Арыстанбек Мұхамедиұлы ұйымдастырушыларға Қазақстанның ежелгі тарихын ілгерілету ісінде атқарған жұмыстары үшін алғыс айтты.
"Біз Алтын жауынгердің жаңа бірегей композициясын ұсына аламыз және Қазақстанның өз қорын әрдайым толықтырып отырғаны қуантады. Осындай артефактілерге ие бола отырып, біз бүкіл әлемді шақырып, әлемнің үздік музейлерінде керемет артефактілерімізді көрсетіп, үлкен көрмелермен шыға аламыз", — деп атап өтті ол.
Археолог, тарих ғылымдарының докторы Зейнолла Самашевтің айтуынша, жаңа залдағы көрмеде ерте темір дәуіріне жататын маңызды артефактілер ұсынылған.
Экспозицияда Есіктегі Алтын адамның реконструкциясы, Тақсай, Талды, Есік, Берел, Қарақоба, Бесоба қорғандарынан алынған экспонаттар ұсынылған. Олардың арасында зергерлік бұйымдар, алтыннан, күмістен, қоладан және темірден және "аң стилінде" жасалған қару-жарақ бар.
[caption id="attachment_48407" align="alignnone" width="1280"]
Фото авторы: Сұлтан Сейітов/Elorda Aqparat[/caption]
Сонымен қатар, залдың ашылуына орайластырылған көрмеде біздің дәуіріміздің IV-V ғасырларына жататын Шығыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану мұражайының қорларынан алтын бұйымдарды көруге болады.
[caption id="attachment_48408" align="alignnone" width="1280"]
Фото авторы: Сұлтан Сейітов/Elorda Aqparat[/caption]
«Ұлы Даланың ежелгі өнері және технологиялары» залының ашылуының басты мақсаты – халық арасында "Рухани жаңғыру" бағдарламасын кеңінен насихаттау және оған ақпараттық қолдау көрсету. Бүгінгі іс-шараға шығармашылық интеллигенция, біздің кеңсенің дәріскерлері қатысады, олар 300 мекемеде 1 800 мемлекеттік қызметшіге бағдарламаның негізгі ережелерін түсіндіреді. Біз блогерлерді де шақырдық, себебі біздің мақсатымыз – елорда тұрғындары мен қонақтарына осы зал туралы айтып беру", — деп атап өтті Нұр-Сұлтан қаласы бойынша "Рухани жаңғыру" жобалық кеңсесінің директоры Ақерке Жұманбай.
Айта кету керек, іс-шара барлық санитарлық нормаларды сақтай отырып өткізілді.