Сайлаушылар бір ғана учаскеде тіркелуі тиіс – Жүсіп Жұмағұлов

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Сайлаушылар бір ғана учаскеде тіркелуі тиіс – Жүсіп Жұмағұлов
ашық дереккөз

«Сайлау туралы заңға сәйкес, сайлаушылардың тізімін жергілікті орган құрастырады. Аталған тізім тұрғындардың тұрғылықты мекенжайы бойынша жеке тұлғалардың базасы негізінде жасалады. Сайлау бюллетенін бергендегі басты фактор ол азаматты тиісті сайлау учаскесіне қосу болып саналады. Сайлауға қатысуға бас бостандығынан айырылмаған және кәмелеттік жасқа толған азаматтардың барлығы құқылы. Егер уақытша тұрақтаған азаматтар белгілі бір сайлау учаскесіне тіркелу үшін жергілікті органға ресми хат жазуы керек. Бірақ ол сайлауға отыз күн қалғанда, яғни 10 желтоқсанға дейін жүгінуі тиіс. Сонымен қатар сайлаушылар өздерінің қай учаскеде тіркелгенін анықтай алады. Өйткені олар тек бір ғана учаскеге тіркелуі керек. Егер қате тіркелген жағдайда немесе еркінен тыс учаскеден алынып тасталса, тиісті органға шағымдануға құқылы», – деді ол.