Алдағы депутат сайлауында дауыс беруші өз орнын ауыстыру үшін не істеуі керек

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Алдағы депутат сайлауында дауыс беруші өз орнын ауыстыру үшін не істеуі керек
ашық дереккөз

«Сайлаушы өзінің болатын орнын ауыстырған кезде сайлау комиссиясы сайлаушының өтініші бойынша және ол жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен кезде сайлаушыға немесе сенімхат бойынша оның өкіліне дауыс беру құқығын беретiн есептен шығару куәлігін табыс етедi. Мәслихат депутатын сайлау жөніндегі басқа сайлау округінде немесе бір елді мекен шегіндегі басқа сайлау учаскесінде дауыс беруге қатысқысы келетін сайлаушыларға есептен шығару куәлігі берілмейді», - дейді ол.

Оның айтуынша жоғалған есептен шығару куәліктері қалпына келтірілмейді және есептен шығару куәліктерінің телнұсқалары берілмейді. Есептен шығару куәліктерін беру сайлау күнінің алдындағы күні жергілікті уақыт бойынша сағат 18:00-де тоқтатылады. «Сөзімді қорыта келе, халқымыз тарихи сәттерде бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығара білгенін атап өткім келеді. Алдағы сайлау Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығында өтеді. Елордалықтарды белсенді азаматтық ұстанымын танытуға, Парламент Мәжілісі мен қалалық мәслихат депуттарының алдағы сайлауына ұйымшылдықпен қатысуға шақырамын», - деді Бақыт Бектемісова.